«Ұлт Көшбасшысы-Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетінің
2020 жылдың 20 қарашасында Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты №84,№11,№50,№85,№76 жалпы білім беретін мектептері мен №59,№83 мектеп-гимназиясының мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен «Ұлт Көшбасшысы-Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетінің негізін қалаушы» атты тақырыпта аудандық конференция өткізілді. Конференцияда мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Жақсыбаев Жален Қазыбекұлы "Ұлт-көшбасшысы" тақырыбында баяндама оқыды.