"Үздіктер шеруі" болып өтті » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2017

"Үздіктер шеруі" болып өтті

Түрксіб ауданы, №76ЖББ мектепте «Үздіктер шеруі» болып өтті.
Оқу жылы аяғына қарай жыл бойы оқушылардың атқарған жұмыстарын қорытындылап, марапатталатын кезі болады. Міне биыл да осы шеруге №76жбб мектепте белсенді, озат, ерекше көзге түскен балалар мен олардың ата-аналары шақырылды.
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары А.И.Еркебаева мен А.Х.Адильханова биылғы оқу жылына шолу жүргізіп, жақсы еңбектенген ұстаздарды, жақсы оқыған оқушыларды атап өтті. Олар кезегімен бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыларының үлгілі тәртібі мен жақсы оқу үлгерімдері үшін марапат қағаздарын табыстады. Үздік оқитын оқушыларымыздың саны лайым ұлғая бергей.
"Үздіктер шеруі" болып өтті
"Үздіктер шеруі" болып өтті