Рухым, Арым – Желтоқсан. » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2018

Рухым, Арым – Желтоқсан.

Бүгін дүбірлі кездесу біздің №76 ЖЖБ мектебімізде аталып өтті.
Біз-бір шаңырақ астында, тыныш өмірде, мекендеп жатқан, Тәуелсіздігіміздің дамып, қарыштауына өз үлестерін қосып жатқан біртұтас елміз. Сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған, Тәуелсіздігіміздің байрағын тіккен, сол сұрапыл оқиғаның куәгерлері: Насыр С.А., Айжарықова Ж.Т., Қоқаншинов С.Қ., Ергебаева Ш.Б., Шарахымбай Болат Жұманұлы бізде қонақта болды.
Кездесу шымылдығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды. Мерекелік іс-шарада өзінің ізгі тілегімен мектеп директоры С.Б. Мусагулова қонақтарды құттықтап, осындай асыл жандар көбейе берсін деген тілегін білдірді.
Бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін, желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата- бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Кеш барысында мектеп оқушылары қонақтарға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Кеш қонақтары да өз кезегінде желтоқсан оқиғасы туралы, болу себебі туралы естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға тәуелсіз еліміздің болашағы сендердің қолдарында дей отырып, жақсы оқуға, елінің патриоты болуға, ана тілінің тарихын құрметтеуге шақырды.

Рухым, Арым – Желтоқсан.
Рухым, Арым – Желтоқсан.
Рухым, Арым – Желтоқсан.
Рухым, Арым – Желтоқсан.