Тәрбие тетігі-табысты үштік! » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
акимата города Усть-Каменогорска
Приемная
+7 (727) 223-15-83
Бухгалтерия
+7 (727) 223-15-83
Версия для
слабовидящих
26
январь
2023

Тәрбие тетігі-табысты үштік!

Тәрбие тетігі-табысты үштік!
Жаңа ғасырда ата-ананың дұрыс тәрбиесі баланың болашақ ой-санасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сондықтан отбасындағы баланың тәрбиесіне саналы түрде қарау керектігін насихаттап жүрген «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы филиалы ата-аналармен сапалы білім, саналы тәрбие, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Тәрбие тетігі – табысты үштік» тақырыбында №76 ЖББ мектепте кезекті семинар- тренинг өткізіді. «Мектеп-ата-ана-оқушы» үштігі жайлы кеңінен талқыланды. Бірлестік жайлы мағлұмат пен әсерлі бейнероликтен кейін филиал психологы Қуаныш Қуатқызы баланың жеке басын бағалау жүйесі туралы адамгершілік қатынасқа негізделген қазақ отбасының әдістеме-ұстанымдарымен бөлісті. Және соларды бүгінгі заман талабына сай қалай пайдалану қажеттігін ашып көрсетті. Ата-аналар да өз тарапынан пікірлерін айтып, ұйым ұстанымын қолдайтынын жеткізді. Іс-шара соңында мектеп басшысы С.Б.Мусагулова еліміздің болашағы саналы ұрпақ екендігін айтып, сол жолда ауқымды жұмыс атқарып жатқан бірлестікті қолдап, сәттілік тіледі.