"Мектепке жол" акциясы - "Шекарасыз жақсылық" » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
акимата города Усть-Каменогорска
Приемная
+7 (727) 223-15-83
Бухгалтерия
+7 (727) 223-15-83
Версия для
слабовидящих
19
август
2022

"Мектепке жол" акциясы - "Шекарасыз жақсылық"

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы "Шекарасыз жақсылық!" атты ұранмен өткізілуде. 
  Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады. 
Мектебіміздің ата-аналары демеушілігімен  балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды. Сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деп кеңес айтылды. №76 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шекіз алғыс білдіреді