Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
акимата города Усть-Каменогорска
Приемная
+7 (727) 223-15-83
Бухгалтерия
+7 (727) 223-15-83
Версия для
слабовидящих
» » Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары
25
январь
2022

Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары

Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алу жолдары

«Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын,болашағына кесірін тигізетін індет».

                                                                                                                              Н.Ә.Назарбаев.


   Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр. Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсык күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.

Жемқорлықпен  күрес арнайы дайындалған  мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері: 1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көріністерін азайту болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдыналуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

 Мектеп директоры (әкімшілігі) мектеп ұжымымен, ата-аналармен  жоспарлы түрде жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар 2017 жылдан бастап мектепте 7-11 оқушылар арасында «Адал ұрпақ » ерікті клубы құрылып, жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді.

   Оқу жылының басынан  педагогикалық кеңесте мектеп директоры  Алматы қаласы Білім Басқармасының   24 қазан 2019 жылғы № 03-1-4/898 

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақшалай қаражат жинауға тиым салу туралы» бұйрығы негізінде мектепішілік 01.09.2021 жылы №79 бұйрық беріліп,   барлық ұжым ұстаздары танысқаны туралы қолдары қойылып ,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт» мектеп директорының мөрімен   бекітіліп мектеп ұжымына таныстырылды.  

  Ата-аналар үшін әр сенбі күні мектеп директолрының 

 «Директорлық- сенбілік» онлайн кездесулер жүргіліп келеді. Жеке жоспар негізінде күн тәртібінде жемқорлықтың алу мақсатында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақшалай қаражат жинауға тиым салу туралы»  бұйрығы таныстырылып , мектепттің   кіріс-шығыс есебін айтып өтеді. Жиналыс хаттамаланып отырада.


  Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы  бұрыш пен «сенім жәшігі» бар екендігі айтылады. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. 

   Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырады.

     Жыл басында «Адал  ұрпақ»   еріктілер клубына арналған жылдық жұмыс жоспары құрылып, жоспар бекітіледі. Жоспар бойынша клуб жетекшісі   тарих пәнінің мұғалімі Жусупова Гүлмира Құрақбайқызы бекітілді.   Жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды. Клуб   мүшелері   жоспарға  сай    бекітілген жұмыстарын  уақытында   орындалып, ай сайын клуб мүшелерінің  отырыстары болып отырады.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлықтың алды- алу , қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. 

     «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: 

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; 

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық;

 3. Мәдени-көпшілік іс-шаралар. 

     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға,  жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқаулары мен іс- шараларын ұйымдастыруға, мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.