Қашықтықтан оқытуда оқушылардың шығармашылық- зерттеу жұмыстарын дамыту! » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қашықтықтан оқытуда оқушылардың шығармашылық- зерттеу жұмыстарын дамыту!
14
январь
2021

Қашықтықтан оқытуда оқушылардың шығармашылық- зерттеу жұмыстарын дамыту!

Бүгін «  Қашықтықтан оқытуда оқушылардыңшығармашылық-  зерттеу  жұмыстарын дамыту туралы қысқаша айтқым келеді.

    Біз  бастауыш сынып ұстаздары қашықтықтаноқытуда  оқушыларды тек қана оқумен  шектеп қоймай,  шығармашылық қабілетін  дамыту үшін   бірлесе жұмыс жасап жатырмыз. Яғни, ондағы негізгі мақсатымыз  бастауыш сынып оқушыларын 1-ші сыныптан бастап зерттеу  жұмыстарын жүргізуге бағыт-бағдар беру. 

Ендеше, әр пән бойынша жасаған оқушылардың жұмыстарына қысқаша тоқталып кетейін. Мысалы;

1-слайд 

Кеңістік және жазық фигуралардың модельдерін жасау. Осы тапсырманыорындай отырып,олар  фигураларды салыстырады, ажыратады,ерекшеліктерін сипаттайды.

 Қозғалыс траекториясын анықтауда  Дененің әртүрлі сызық жасайтынына көз жеткізді.    Судың көлемін өлшей отырып, судың  қасиеттерін де  анықтайды. Бұл арада пәнаралық байланыстарды көруге болады. 

2 слайд 

Осы тапсырмаларды орындау арқылы  балалардың сөздік қорын дамытып,  байланыстырып сөйлеуге  және қабілеті әртүрлі оқушылардың  өз ойын еркін  жеткізуге мүмкіндік береміз.

3-слайд   

Мына суретте оқушылар өз қолдарымен еккен өсімдіктердің дамуына бақылау  зерттеу,талдау жасап нәтижесіне көз жеткізді.

4 –слайд 

 Ежелгі адамдардың  тұрған баспаналарын  елестете отырып, табиғи материалдардан жасап көрді. Сол арқылы еңбексүйгіштікке, мүсіндеуге,шеберлікке баулимыз..Әрине бұл жұмыстардың барлығы  ата-аналардың көмегінсіз жасалмайтыны белгілі. Осы жұмысты жасауға, бізге ата-аналар  қолдау көрсетіп отыр.   Бұл жұмыстардың нәтижесін біз Виртуалды мұғалім бөлмесіне жүктеп, әріптестермен бөлісіп отырамыз


Сөзімді қорыта келе, 1-сыныптан бастап осындай жүргізілген жұмыстар арқылы  оқушылардың қызығушылығын, сыни тұрғыдан ойлауын, танымдық қабілетін арттырып,  шығармашылық ғылыми- зерттеу жұмыстарына баулимыз. Сол арқылы өздігінен білімді түсінуге, талдауға мүмкіндік береміз.

     Нәтижесінде әр оқушы өзіне мақсат қойып, соған  жетуге талпынады.

Назарларыңызға рақмет!