Тиімді кері байланыс – сапалы білім кілті » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2021

Тиімді кері байланыс – сапалы білім кілті

Тиімді кері байланыс – сапалы білім кілті

Қазіргі таңдағы өзекті мәселеленің бірі- қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және тиімді кері байланыс алу болып табылады.

Мақсатқа жету үшін- қашықтықтан оқыту барысында кідіріс жасауға болмайтынына көз жеткіздік. Оқушылардың оқуын жақсарту, қызығушылығын арттыру  мақсатында пайдаланған өз тәжірибеммен бөліссем деймін. 

Мысалы «Комтазия» бағдарламасын меңгеріп, видеосабақтар түсіріп, өз Ютубканалына жүктедім. Қазан айында «Ұстаз кәсіподақ ұйымы» ұйымдастырған қалалық «Үздік видеосабақ» атты конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие болдым.

Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта  үйде отырған оқушылардың ең сенімді досы – ұялы телефон болып табылатындықтан, қашықтықтан оқытуда тиімді кері байланыс орнату үшін ұялы телефонды пайдалануым керек деп шештім. 

Ол үшін бастауыш сыныптарда «Wordwall» қосымшасын пайдаланып жүрміз.

Бұл қосымшаның артықшылығы:

  1. Оқушылардың қызығушылығын арттырады.
  2. Логикасын дамытады.
  3. Жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді
  4. Ойната отырып ойлантады.

Осы тәжірибеммен виртуалды мұғалім бөлмесінде бөлістім. Осы «Wordwall» бағдарласымен бастауыштың 12 мұғалімі жұмыс жасауда.

 Экраннан сіздерге түсіндіріп өтейін. 

Мысалы: 2 мен 8-дің көбейтіндісін тиісті ұяшыққа апарымыз.  Т.с.с.

Орындалған жұмыстардың нәтижесін бірден көруге болады.

Менің көз жеткізгенім бала бір уақытта жаңа сабақты меңгереді, нәтижесін көре отырып, өзін – өзі бағалайды. 

Сөзімді қорыта келе...

Бәрі өз қолымызда! Кез-келген жұмысты бірлесе  жасап, талқылап отырып, бір- бірімізді үйретіп, бір- бірімізден үйренсек нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.