ҰСТАЗДЫҚ –ҰЛЫ ҚҰРМЕТ » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2022

ҰСТАЗДЫҚ –ҰЛЫ ҚҰРМЕТ

ҰСТАЗДЫҚ –ҰЛЫ ҚҰРМЕТ

  Еліміздегі барлық мұғалімді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаздар – балаларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәрбиелейтін дара тұлғалар. 
  Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық — ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”,- деп пікір білдірген.
 Демек , ұрпақ тәрбиесі — ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!