«Жыл мұғалімі -2021» байқауының мектепішілік кезеңі болып өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жыл мұғалімі -2021» байқауының мектепішілік кезеңі болып өтті.
26
март
2021

«Жыл мұғалімі -2021» байқауының мектепішілік кезеңі болып өтті.

Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен, "Ұстаз деген - ұлы есімге" қаншалықты лайық болуына байланысты. 
        Мұғалім мәртебесін көтеретін – мұғалімнің өзі ғана.  Кәсіби жақтан жоғары білікті, өзінің шығармашылығы мен біліктілігін үнемі көтеріп отыратын жаңашыл, жаңалыққа       жақын мұғалім ғана қоғамда жоғары мәртебе иесі болып, беделі астындығы рас.
         Мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу, тәрбиелі, әр            уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат                                               қалыптастыру. Ал, мұғалімнің негізгі міндеті – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен                                          тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту.
          Сондықтан педагог мамандар өздерінің білімдерін үнемі шыңдап отырулары керек.Соның дәлелі ретінде мектебімізде 2021 жылдың 26 науырызында «Жыл мұғалімі -2021» байқауының мектепішілік кезеңі болып өтті. Байқаудың шешуші кезеңіне барлығы               7 мұғалім қатысты.

№ Қатысушының аты-жөні Пәні
1 Кужаева Бакыткул Аскаровна Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2 Кыдырканова Карлыгаш Шарипкановна Бастауыш сынып мұғалімі
3 Сабырова Арайлым Муратханқызы Химия пәні мұғалімі
4 Шагирова Акмарал Жаксылыковна Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
5 Капашов Бекболат Дене шынықтыру пәні мұғалімі.
6 Ашимова Мухаббат Абляхатовна Бастауыш сынып мұғалімі                                                                 7 Файзрахманова Ардақ Кизатулловна Математика пәні мұғалімі

Нәтижесінде: ІІІ жүлделі орынды математика пәні  мұғалімі Файзрахманова Ардақ Кизатулловна, дене шыныұтыру пәні мұғалімі Капашов Бекболат өзара бөлісті.                                           ІІ жүлделі орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кужаева Бакыткул Аскаровна,                         ал І орынды орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шагирова Акмарал иеленіп,                              аудандық байқауға жолдама алса,  Кыдырканова Карлыгаш, Ашимова Мухаббат , Сабырова Арайлым шығармашыл, жаңашыл ұстаз ретінде мақтау қағаздарымен және кәсіпода құйымының сыйлығымен марапатталды.

Балғындарға баянды,
Сырын төккен-ұстазсың!
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын сепкен-ұстазсың!
Ұстаздар-еңбектеріңіз жана берсін!