«Айтыс сөз мәйегі» тақырыбында жыр додасы өтті » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2022

«Айтыс сөз мәйегі» тақырыбында жыр додасы өтті

Алматы қаласы Түрксіб ауданында Ахмет Байтұрсынұлының
150 жылдығына орай «Айтыс сөз мәйегі» тақырыбында жыр додасы өтті. Айтысқа қатысу барысында ел-жер тарихы,ел тәуелсіздігіне үлес қосқан тұлғалар туралы, тіл мәселесі, тәуелсіздік ел жастарының болашағы, қоғамда өткен және қазіргі жағдайлары, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын байланыстыра отырып, жарысқа қатысушы сайыскерлер өз үлестерін қосты. Қатысушылар айтысты жалғастырып, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, осы күнгі айтыс түрлерін қамтыған болатын. Айтыс өте тартымды, жоғары деңгейде дүбірлі өтті. Айтысқа қатысушылар реттік номер арқылы өз жұптарын анықтап, айтысты жандандыра түсті. Әділқазы алқалары жүзден жүйрікті анықтап,тиесілі орындарын берді. Жарыс өте қызық әрі рухани азық аларлықтай тартымды өтті. Жарысқа мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пінінің мұғалімі Қасымбаеыв Әсемгүл Казтайқызы қатысып, аудандық «Айтыс сөз мәйегі» атты додада 2-орынды иеленді.