Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2021

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Биыл еркін ел болғанымызға отыз жыл. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұмтылған бостандықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ, отыз жыл – аса көп уақыт емес. Десе де, жұртымыз аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, халықаралық қауымдастыққа қарышты қадамдарымен танылып үлгерді. Осы мерзім аралығында қазақ ұлты саяси және экономикалық даму бағытын дербес айқындай алатын қарымы мен қабілетін дәлелдей білді.
Мемлекет басшысы тарихымызды танып, қастерлеу, дәріптеу қағидаға айналу керектігін қаперімізге салды. – Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басамыз. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі