Ұстаздар қауымы Жолдауға үн қосады » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2020

Ұстаздар қауымы Жолдауға үн қосады

    Жыл сайын елімізде Президенттің кезекті жаңа жолдаулары жолданады.

Жолдаудың мақсаты – елдің өткеніне сараптама жасап, бүгінгі күннің керек істерінің басын ашып, болашаққа жол ашу болып табылады. Бір ұлт, бір тағдыр, бір мемлекет болғаннан кейін, ел ішіндегі әрбір халықтың жолдау негізінде жұмыс жасауы маңызды. Жолдаудың ең негізгі талабы – халықпен байланыс орнату. Халықпен Жолдау арқылы тілдесу Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың билік еткен кезеңнен басталып, осы дәстүрді жалғастырған Қазақстан Республиасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйекте Қазақстан халқына  жолдауында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп атады. Тақырыпты негізге ала отырып №76  ЖББ  мектептің директоры С.Б. Мусагулова мектеп  ұжымымен талқылауды онлайн өткізді.  Онда   жолдаудың барлық бағыттарын айта келе,   сөз кезегін тарих пәнінің мұғалімі Ж.Қ. Жақсыбаевқа берді. Ж.Қазбекұлы  аталған Жолдаудың бесінші бөлімі білім саласына  аса назар аударды. Әр мемлекеттің дамуында білім жүйесі маңызды орынға ие екені белгілі. Короновирустық індеттің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары  мен студенттердің басым көпшілігі қашықтықта оқуға көшкендігін жеткізді. Бұл жұмыстың тәсілі   мен мазмұнын түбегейлі өзгерту керектігін және білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығын айтып 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көбейту жөніндегі шешім қабылданғандығын, алдағы уақытта жалақы мөлшері арта беретіндігін атап көрсетіп, ұстаздарға жеткізді. Жолдауды мектеп ұжымы талқылай келе  мемлекет дамуы мен халықтың әлуметтік жағдайына бағытталғандығы дұрыс деп ұстаздар қауымы жолдауға қолдау көрсетеді.