КОРОНАВИРУС-ЖҰҚПАЛЫ АУРУ » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2020

КОРОНАВИРУС-ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

Коронавирус жұқпалы ауру.Ғалымдар оған жаңа коронавирус деген анықтама беріп отыр. Бұл – латынның crowns (тәж) немесе halos (шеңбер) деген сөздерінен пайда болған атау. Өйткені, коронавирус микроскоппен қарағанда, осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға зиянын тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса, өзгелері жарқанаттар мен түйелерден және жануарлардан кездесіп, бүгінде ғылымда SARS (Ауыр әрі өткір респираторлық синдром) және MERS (Таяу Шығыс респираторлық синдромы) деген акрониммен белгілі болып отыр.

Симптомдары қандай?
Бұл вирусқа тән симптомдар – тұмаурату, бас ауруы, жөтел және дененің қалшылдауы. Сонымен қатар, коронавирустың едәуір қауіпті түрін жұқтырғандар демігеді, қалтырайды, құсу, іштің өтуі,бұлшық еттердің ауруы,артериялық давленияның төмендеуі , ал ауруы асқынған жағдайда пациенттер пневмонияға шалдығуы мүмкін.

Коронавирустар қалай жұғады?
Коронавирустардың көбі жөтелгенде, түшкіргенде немесе осы инфекцияға шалдыққандарды ұстағанда жұғады. Ғалымдардың сөзінше, жаңа вирус адамнан-адамға жақын байланыста болғанда, тыныс алу жолымен беріледі.

Аурудың алдын алу үшін: тазалықты сақтау,
қолды тері антисептиктерімен сүрту, әсіресе түшкіргенде, жөтелгенде тамақ ішер алдында , әжетханадан кейін, қолды жиі сабынмен жуу қажет. Ауру адаммен байланыста болғаннан кейін және олардың жеке заттарынан үлкен арақашықтықты сақтау тиіс. Ауызға бетперде (маска) тағып жүру арқылы сақтануға болады. Жеміс жидектерді жуып жеу керек. Салауатты өмір салтын сақтау қажет. Ет, жұмыртқа тағамдарын қайнатып жеу керек .Үй жануарларымен, тауықтармен байланысқа түспеуге тырысыңыздар.
Сақтықта қорлық жоқ !