02
октябрь
2019
« Менингит – қауіпті ауру» кездесу
Түрксіб ауданы №76 ЖББ мектепте « Менингит – қауіпті ауру» тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарына, мектеп мәжіліс залында кездесу өтті. Кездесуге, науқастың белгілері мен алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмысын жүргізілді. Бірінші болып мектеп директоры С.Б. Мусагулова сөз сойлеп ата-аналарды күн тәртібімен таныстырып , сөз кезегін №9 аурухананың тәжірибелі дәрігері Қозыбекова Наталья Батырхановнаға ұсынды. Дәрігер аталған аурумен көбіне балалар шалдығатындығын айтып, ата-ана білуге тиіс 8 белгісін ұсынды. Науқастың белгілерін атап, Не істеу керек? деген сұраққа, ауруды алғаш байқағанда, бірден жедел жәрдем шақыру керек екендігін айтты. Сондай-ақ мұндай жағдайда ауруханада жатудан бас тартпаған абзал. Себебі бұл дертпен тек ауруханада ғана тиімді түрде күресуге болатындығын жеткізді. Дәрігері – эпидемиолог Нурила Сатыбамбайқызы, жетекші маман Оспанова Балбала қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті.