Жас маман -2017 » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
май
2017

Жас маман -2017

"Ұстаз ұлағатты есім" демекші, жылдағы дәстүр бойынша №76 жалпы білім беретін мектебінде сәуірдің 19- 29 аралығында "Жас маман- 2017" онкүндігі ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Мектебіміздің жас мамандары ашық сабақтар беру барысында жаңартылған бағдарламаға сәйкес түрлендірілген сабақтар көрсетті. Байқау барысында өздерін сан қырлы жақтарынан таныта отырып, "21 ғасыр мұғалімі қандай болу керек?" деген сұраққа презентация жасап жан-жақты ізденіп өз ойларын толыққанды жеткізе білді. Ширату сұрақтарына өткір жауап бере алды. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" озады демекші, нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі Төлегенова Самал Зәріпқызы Бас жүлде, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Керім Дария 1- орын, бастауыш сынып мұғалімі Мүсүрепова Ания мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ануар Айдынбек 2 орын, бастауыш сынып мұғалімі Жапарова Айман мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Халықова Айгерим 3 орынды иеленді. Болашақта аға ұстаздардың ізін басушы, жаңа заманға сай интернет, компьютор, электронды ақпараттар арқылы жұмыс жасай алатын, өз білімін жетілдіре білетін, шығармашыл ізденісте қажымайтын, ұстаз болуға бейімделіп, жаңа технологиялардың қыр сырын меңгеріп аша алатын, нағыз ұстаз болады деп сенеміз.
Жас маман -2017
Жас маман -2017