20
сентябрь
2018
«Тұлпар мініп, Ту алған»
Бүгін 19 қыркүйек күні №76 жалпы білім беретін мектебінде Түрксіб ауданының мепктептері арасында «Тұлпар мініп, Ту алған» атты батырлар жырын жатқа айтудан оқушылар арасында байқау өтті. Байқауға аудан мектептерінен 100- ден астам оқушы қатысты. Бұл жарыстың мақсаты ұмыт бола бастаған батырлар жырын қайта жаңғырту , жас ұрпаққа үйрету, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау. Байқаудың әділ бағасын бергендер ақын Сайлаубай Тойлыбаев, ғалым Тоқтар Әлбек, «100 жаңа есім » жобасына енген Қуаныш Жұмабек, Түрксіб ауданының білім бөлімінің басшысы Айсұлу Ботаева болды. Байқау өте тартысты, қызықты өтті, оқушылардың дайындығы жақсы екендігі байқалды. Байқау қорытындысы бойынша І- орынды №76 ЖББМ оқушысы Армия Шыңғысхан, ІІ- орын №59 МГ оқушысы Арыстанбек Мәншүк, ІІІ- орынды №198 ЖББМ оқушысы Тоқабай Нұрдаулет иеленді. Аталған оқушылар дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды және қалалық байқауға жолдама алды.