22
февраль
2018
" Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту"
№76 жалпы білім беретін мектеп Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының технология пәні бойынша әдіскері С.К. Шапкинамен бірлесе отырып, үстіміздегі жылдың 21 ақпанында «Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында технология пәні мұғалімдеріне арнап қалалық семинар ұйымдастырды.
Семинарды мектеп директ орының оқу ісі жөніндегі орынбасары Акбулатова Гулнар Накыпбекқызы өзінің «Жаңартылған бағдарлама білім берудің жаңа мазмұны» атты баяндамасымен ашты. Мектептің жоғары санатты, бірінші деңгейлі технология пәні мұғалімі Қалуова Алия Мергалиқызы және технологиядан ұлдарға сабақ беретін Айнабеков Алтынбек өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында ашық сабақтар, коучинг, шеберлік сағаттары өткізілді. Осы кездесуде мұғалімдер өз ойларымен бөлісті.