Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2017

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Алматы қаласы №76 жалпы білім беретін мектепте білім жүйесінде енгізілген көптеген өзгерістерге байланысты 12 мамыр күні сағат 18.30-да ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы болып өтті. Жиналыста мектеп директоры Мусагулова Салтанат Болгановна сөз алып, ата-аналарға Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды. Биылғы жылға дейін ҰБТ қоры¬тындысымен аттестат алып, ЖОО-на оқуға тапсыратын болса, енді аттестат алу үшін бір емтихан, ЖОО-на түсу үшін екінші емтихан тасыратындығын ата-аналарға түсіндірді. Өткен жылдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізілген болатын. Алдағы жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарламаға 1,2,5,7-сынып шәкірттері де ауыстырылатындығы жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, ата-аналарды «Мектепке кітап сыйла» акциясына атсалысуға шақырды. Мектеп директоры жиналысқа келген ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға дәлелді түрде жауап берді.