06
март
2017
Халықаралық әйелдер күні
Бүгін, 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай Түрксіб
ауданындағы №76 ЖББ мектепте ер- азаматтар мен оқушылардың
ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың,
даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні мектебіміздің
аяулы қыз-келіншектері ерекше құрметке бөленді. Ер-азаматтардың ғана
қатысуымен өткен мерекелік кеш нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа
бөледі.