"Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері" » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері"
24
февраль
2017

"Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері"

Алматы қаласы Түрксіб аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен4- ақпан күні №76 ЖББ мектебінде 1- сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері» атты семинар- практикум өткізілді. Семинар- практикум барысында Абай атындағы ҚазҰПУ- нің «Педагогика және психология» институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., «Сауат ашу» оқулығының авторы Жұмабаева Әзия Елеупанқызы, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры, п.ғ.к., «Сауат ашу» оқулығының авторы Уаисова Гүлнар Инаматқызы, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры, п.ғ.к., «Сауат ашу» оқулығының авторы Сәдуақас Гүлбану Темириязқызы, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., «Математика» оқулығының авторы Астамбаева Жұбат Қанапиянқызы, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м., «ҰҰҒПББСО «Бөбек», «Адамның үйлесімді дамуы» институтының білім беру сарапшысы Оралбекова Әлия Құрбанқызы шеберлік сабақтар өткізіп, оқулықтардың құрылымдық-мазмұндық болмысы мен сапасындағы ерекшеліктерге кеңінен тоқталды. Оқулық авторлары 1- сынып мұғалімдерінежаңартылған білім мазмұны бойынша оқулықтардағы басшылыққа алынған қағидаларды түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсетті. Тыңдаушылар оқулық авторларынан оқу үдерісінде кездесетін өзекті сұрақтарына толыққанды мағлұматтар алды.

"Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері"
"Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері"