«Қамқорлық» акциясы » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2017

«Қамқорлық» акциясы

«Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру- жыл сайынғы дәстүр


Алматы қаласы Түрксіб ауданы № 76 жалпы білім беретін мектебі 2017 жылдың 9- қаңтар мен 9-ақпан айының аралығында ұйымдастырылған республикалық «Қамқорлық» акциясына белсене қатысты. Акция барысында мектепте оқитын көп балалы, жағдайы төмен отбасының балаларына қолдау көрсетіліп, материалдық көмек беру ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдері, бітіріп кеткен осы мектептің жанашыр түлектері және «Инструмент» ЖШС аталған шара аясында көмекке зәру оқушыларға мектеп формаларын, мектеп сөмкелерін, оқу құралдарын және аяқ киімдер табыстады. Көмек алған оқушылардың ата- аналары осы акцияны ұйымдастырушылар мен қатысушы меценаттарға алғысын аямады. Өз кезегінде мектеп директоры С.Б.Мусагулова акцияға белсене қатысқан «Инструмент»ЖШС нің директоры Елена Игорьқызы Кондрашованы алғыс хатпен марапаттап, 2004 жылғы түлектер атынан көмек көрсеткен Коляда Владимирге,Тұрғанжанов Салаватқажәне үлгілі ата- ана Куцева Надеждаға үлкен алғысын жеткізді.Осындай көмекке мұқтаж оқушыларға қол ұшын беріп, рақымшылық көрсеткен азаматтардың қатары көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.

Жусупова Анар Шумановна
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«Қамқорлық» акциясы
«Қамқорлық» акциясы
«Қамқорлық» акциясы