Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Халықаралық әйелдер күні

Автор: admin от 6-03-2017, 20:51, посмотрело: 84

0 Бүгін, 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай Түрксіб ауданындағы №76 ЖББ мектепте ер- азаматтар мен оқушылардың ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні мектебіміздің аяулы қыз-келіншектері ерекше құрметке бөленді. Ер-азаматтардың ғана қатысуымен өткен мерекелік кеш нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі.

Халықаралық  әйелдер күні
Халықаралық  әйелдер күні
Халықаралық  әйелдер күні
Халықаралық  әйелдер күні
Халықаралық  әйелдер күні

Категория: Традиция школы

 

Қазақстан блоггерелері альянсын қолдап, республикалық «Антивзятка» акциясына қосылуда.

Автор: admin от 5-03-2017, 22:02, посмотрело: 88

0 Алматы қаласы Түрксіб ауданы 76 ЖББ мектепте жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстаздар мен оқушылар арасында қалыптастыру мәселесіне қатысты жұмыстар қарқынды жүруде. Мектеп ұжымы мен оқушылар Қазақстан блоггерелері альянсын қолдап, республикалық «Антивзятка» акциясына қосылуда.

Қазақстан блоггерелері альянсын қолдап, республикалық «Антивзятка» акциясына қосылуда.

Категория: Традиция школы

 

«Время выбрало нас»

Автор: admin от 2-03-2017, 10:11, посмотрело: 83

0 28.02.2017г. проведено военно-патриотическое мероприятие в КГУ ОШ №76 среди 9-11 классов на тему «Время выбрало нас» посвященный 28-летию со дня вывода ограниченного контингента Советских войск из Афганистана. На мероприятие был приглашен подполковник кафедры физической культуры общевоенного факультета Кузнецов А.В.

«Время выбрало нас»

Категория: Традиция школы

 

«Адамгершілік –асыл қасиет »

Автор: admin от 2-03-2017, 10:06, посмотрело: 101

0 Алматы қаласы №76 ЖББ мектебінде құрылған «Адал ұрпақ » ерікті мектеп клубының негізгі міндеті- мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осы бастамаларды көтермелеу барысында 21 ақпан күні балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын «Адамгершілік –асыл қасиет » тақырыбында театрландырылған қойылымдардың көрсетілімі , мектебіміздің 4 – сынып оқушылары арасында өтті.

«Адамгершілік –асыл қасиет »

Категория: Традиция школы

 

"Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері"

Автор: admin от 24-02-2017, 06:32, посмотрело: 179

0 Алматы қаласы Түрксіб аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен4- ақпан күні №76 ЖББ мектебінде 1- сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері» атты семинар- практикум өткізілді. Семинар- практикум барысында Абай атындағы ҚазҰПУ- нің «Педагогика және психология» институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., «Сауат ашу» оқулығының авторы Жұмабаева Әзия Елеупанқызы, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры, п.ғ.к., «Сауат ашу» оқулығының авторы Уаисова Гүлнар Инаматқызы, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры, п.ғ.к., «Сауат ашу» оқулығының авторы Сәдуақас Гүлбану Темириязқызы, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., «Математика» оқулығының авторы Астамбаева Жұбат Қанапиянқызы, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м., «ҰҰҒПББСО «Бөбек», «Адамның үйлесімді дамуы» институтының білім беру сарапшысы Оралбекова Әлия Құрбанқызы шеберлік сабақтар өткізіп, оқулықтардың құрылымдық-мазмұндық болмысы мен сапасындағы ерекшеліктерге кеңінен тоқталды. Оқулық авторлары 1- сынып мұғалімдерінежаңартылған білім мазмұны бойынша оқулықтардағы басшылыққа алынған қағидаларды түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсетті. Тыңдаушылар оқулық авторларынан оқу үдерісінде кездесетін өзекті сұрақтарына толыққанды мағлұматтар алды.

"Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері"
"Жаңартылған білім мазмұны бойынша түзілген 1- сынып оқулықтарын оқытудың ерекшеліктері"

Категория: Традиция школы

 

Мұқағали өлеңі жүрекке сəуле төгеді...

Автор: admin от 19-02-2017, 11:40, посмотрело: 128

0 Алматы қаласы 76 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сыныптар бірлестігінің онкүндігі аясында "Мұқағали өлеңі жүрекке сəуле төгеді..." тақырыбында Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актерлары Асет Иманғали, Ерзат Сания, Қуаныш Турдалиндермен кездесу өткізілді. Кеш барысында əсерлі əңгіме мен қызықты сұхбаттың куəсі болдық.
Театр қойылымдарын үзбей тамашалап жүрген оқушыларымыз көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, өнерлі аға апаларынан қонақ кəде сұрап мəз майрам болысты.
Мұқағали өлеңі жүрекке сəуле төгеді...
Мұқағали өлеңі жүрекке сəуле төгеді...

Категория: Традиция школы

 

«Қамқорлық» акциясы

Автор: admin от 9-02-2017, 12:24, посмотрело: 100

0
«Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру- жыл сайынғы дәстүр


Алматы қаласы Түрксіб ауданы № 76 жалпы білім беретін мектебі 2017 жылдың 9- қаңтар мен 9-ақпан айының аралығында ұйымдастырылған республикалық «Қамқорлық» акциясына белсене қатысты. Акция барысында мектепте оқитын көп балалы, жағдайы төмен отбасының балаларына қолдау көрсетіліп, материалдық көмек беру ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдері, бітіріп кеткен осы мектептің жанашыр түлектері және «Инструмент» ЖШС аталған шара аясында көмекке зәру оқушыларға мектеп формаларын, мектеп сөмкелерін, оқу құралдарын және аяқ киімдер табыстады. Көмек алған оқушылардың ата- аналары осы акцияны ұйымдастырушылар мен қатысушы меценаттарға алғысын аямады. Өз кезегінде мектеп директоры С.Б.Мусагулова акцияға белсене қатысқан «Инструмент»ЖШС нің директоры Елена Игорьқызы Кондрашованы алғыс хатпен марапаттап, 2004 жылғы түлектер атынан көмек көрсеткен Коляда Владимирге,Тұрғанжанов Салаватқажәне үлгілі ата- ана Куцева Надеждаға үлкен алғысын жеткізді.Осындай көмекке мұқтаж оқушыларға қол ұшын беріп, рақымшылық көрсеткен азаматтардың қатары көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.

Жусупова Анар Шумановна
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

«Қамқорлық» акциясы
«Қамқорлық» акциясы
«Қамқорлық» акциясы

Категория: Традиция школы

 

Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі

Автор: admin от 6-12-2016, 10:54, посмотрело: 238

0 № 76 ЖББ мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» аясында іс-шаралар өткізілді


« Ұлт денсаулығы - жастар болашағы »
2016 жылдың 3 желтоқсан күні № 76 ЖББ мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Ұлт денсаулығы» атты оқушылар арасын ұлттық спорт сайыстары өткізілді. «Тәні саудың жаны сау» демекші, дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызы ерекше. Бүгінде елімізде халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру басты назарда. Жарыстың ашылу салтанатында мектеп директоры сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс асық ату, буқа тартыс, тұмақ ұру, қол күрес, арқан тартыс түрінде жүргізілді. Жарысқа 6-сынып оқушылар арасынан 5 команда қатысты. Жарысқа қатысушылар мақтау қағаздарымен алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Өтелбаева жеңіске жеткен командаларды құттықтай отырып, аталған шаралардың маңыздылығын, оқушылар арасында достықты, өзара қарым-қатынасты, бірлікті нығайтатынын атап өтті.
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі

Категория: Традиция школы

 

Елін сүйген елбасы

Автор: admin от 6-12-2016, 10:47, посмотрело: 193

0 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне орай «Елін сүйген елбасы» атты тәрбие сағаты өтті.
Дайындаған: Кабакаева Жадыра 3 «Г» сыныбының жетекшісі
Мақсаты:
Жас ұрпаққа Тұңғыш Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсесі тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген , халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында өткізілген тәрбие сағаты.
Елін сүйген елбасы
Елін сүйген елбасы

Категория: Традиция школы

 

Теңге-мемлекет келбеті

Автор: admin от 6-12-2016, 10:43, посмотрело: 209

0 Тақырыбы: « Теңге-мемлекет келбеті »
Дайындаған: Беисова Д.С. 2 «Ә» сынып жетекшісі
Мұғалім, оқушыларға тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстырды. Ақшаның пайда болу тарихы, ұлттық теңгеміздің айналымға қалай кіргені, кімдер жасағаны туралы мағұлмат берді.
Сабақ барысында оқушыларды туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында тәрбиелеу
Теңге-мемлекет  келбеті
Теңге-мемлекет  келбеті

Категория: Традиция школы