«Көркем еңбек пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын шығармашылық идеялар арқылы арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті. » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Көркем еңбек пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын шығармашылық идеялар арқылы арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті.
23
февраль
2023

«Көркем еңбек пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын шығармашылық идеялар арқылы арттыру» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы №76 жалпы білім беретін мектепте 2023 жылдың 23 ақпанында  «Көркем еңбек пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын шығармашылық идеялар арқылы арттыру»  тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырды. Семинарға Алматы қаласы бойынша көркем еңбек пәнінің қазақ мектептері арасынан 25 мұғалім қатысты. Семинарда алғашқы сөзді  мектеп директоры Мусагулова Салтанат Болгановна сөз сөйлеп, мұғалімдерге еңбек жолында шығармашылық табыстар тіледі. Кіріспе сөзді қалалық «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының көркем еңбек, графика және жобалау пәндерінің тренері Г.К. Жаримбетова жалғастырды. Семинардың бағадарламасына сәйкес мұғалімдердің тәжірибе алмасуына, үйренуіне жағдай жасау, практика жүзінде үйретудің тиімді жолдарын  көрсеткен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ә.М.Қалуова «Тік белдемшені оңай жолмен тігудің жолы» тақырыбында  шебер сынып көрсетті, көркем еңбек пәні мұғалімі Ахметов Р.Ю. оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырды.  Семинар соңында мұғалімдер кері байланыс жасап,  өткен семинарға жоғары баға беріп, мектебімізге  жақсы тілектерін білдірді.