27
сентябрь
2022
Тоғызқұмалақ үйірмесінің жұмысы
Тоғызқұмалақ үйірмесінің жұмысы Үйірменің мақсаты: Оқушылардың бойында ойлау қабілетін арттыру,біліктілік пен дағдыларын дамыту,төзімділікті қалыптастыру. Әділеттілік, адалдық, жігерлік қасиеттерін қалыптастыру, достыққа жігерлендіру міндеттерін бойларына сіңіру. Тоғызқұмалақ ойыны тарихы соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақстан мектептерінде үйірмелер ашылып, жұмыстары жүйелі, жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Аталған үйірме жұмысы №76 жалпы білім беретін мектепте жетекшілік етіп, Бибеков Еркебұлан Куандыкұлы жүргізіп келеді.
@erkebulan_bibekov
@erkebulan_bibekov