«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауы аудандық кезеңі » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауы аудандық кезеңі
21
октябрь
2021

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауы аудандық кезеңі

https://www.instagram.com/tv/CVC3ICFvX46/?utm_source=ig_web_copy_link​​​
 Алматы қаласы Түрксіб ауданы
Қазан айының 15 -ші жұлдызында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен шығармашыл оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауы аудандық кезеңі 76 жалпы білім беретін мектепте өткізілді.
Байқауға аудандағы барлық мектептердің, гиназиялардың, лицейлердің жалпы білім беретін мектептердің 8–11 сынып оқушылары қатысты.

Байқау 6 номинация бойынша өткізілді.

Шешендік сайыс.
Көркемсөз оқу.
Эссе жазу.
Ұлттық аспапта өнер көрсету.
Ақындар айтысы.
Ақындар мүшәйрасы.

Ақберен» байқауының мақсаты мен міндеті: 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрл ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау.
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Байқау үш кезеңде өтеді:
I кезең – аудандық (қалалық), білім басқаларымен өткізіледі;
II кезең – облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқарларымен, РББҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен өткізіледі.
III кезең – республикалық, қорытынды – «Дарын» Республикалық Ғылыми Педагогикалық орталығы өткізеді.

Оқушыларымыз алдағы уақытта да көптеген республикалық байқауларға қатысып, мықтылардың мықтысы, жүйріктердің жүйрігі болатынына сенеміз!
Жеңімпаздар байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды. Ауданымыздың намысын қорғайды деген сенімдеміз.Жеңіс тұғырынан көріне беріңдер!!!