Тәуелсіз елдің -ұрпағы! «Жеңіс есімдері», «Ұлы Жеңістің ізбасарлары» » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіз елдің -ұрпағы! «Жеңіс есімдері», «Ұлы Жеңістің ізбасарлары»
06
май
2020

Тәуелсіз елдің -ұрпағы! «Жеңіс есімдері», «Ұлы Жеңістің ізбасарлары»

      Ұлы Жеңіс! Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл толғалы тұр. Біз ата-бабаларымыздың арқасында тәуелсіз ел  болдық. Адамзат – өмірін ұлы қайғыдан, адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы соғыс деген азаптан құтқарған Жеңіс – бұл! Ұлы Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Бұл қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. 
      Әлемдегі короновирустық инфекциясының таралуы бүгінде біздің елімізде де орын алып жатқаны белгілі.  Осыған байланысты, барлық білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту форматына көшкені бәрімізге мәлім. Осы форматта оқумен қатар тәрбие жұмысы да қарқынды жұмысын жалғастырып келеді. Биыл да   жеңісті тойлау, еске алу мақсатында Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай түрлі байқаулар мен акциялар «Жеңіс есімдері», «Ұлы Жеңістің ізбасарлары» тақырыбында  оқушылардың байқау нәтижелері мен  мақалалары әлеуметтік желілерде орын алды. Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары, осы Жеңіс жолында от кешіп, ерлігімен танылған ата- бабаларының  көрген қиындығын мен қасіретін  өз шығармашылықтарында атап көрсетті. Елбасының «Рухани жаңғыру», «100 нақты есім» бағдарламалары  аясында Ұлы Отан соғысының майдангерлерінің естеліктері мектебіздің мұражай көрмесінде орын алған.  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ашылған тарихи  мұражайға да 5 жыл толып отыр. Жыл бойы   мектеп ұстаздары  мектеп мұражайына тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушыларға бейбітшілік заманға  қалай  қол жеткізгендіктерін насихаттап, түсіндіріп өтуде.  Бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған  батыр бабаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
https://www.facebook.com/336612650171486/videos/168829624473894/ https://www.facebook.com/336612650171486/posts/570965766736172/ https://www.facebook.com/336612650171486/posts/571115836721165/ https://www.facebook.com/336612650171486/posts/570953633404052/ https://www.facebook.com/336612650171486/posts/570951840070898/ https://www.facebook.com/336612650171486/posts/570968940069188/ https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=168829624473894&id=336612650171486 https://www.facebook.com/336612650171486/posts/570503586782390/ https://www.facebook.com/336612650171486/posts/571156126717136/​​​