Нұрғиса Тілендиевтің мұражайына саяхат » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
октябрь
2019

Нұрғиса Тілендиевтің мұражайына саяхат

Түрксіб ауданы №76 ЖББ мектептің аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары ҚР мемлекетінің «Халық қаһарманы» еңбек иегері, белгілі композитор, дирижер, күйші, қайталанбас туындылардың авторы, осы күнге дейін және XX ғасырдағы қазақ халқының мәдени мұрасында ерекше орын алған Нұрғиса Тілендиевтің мұражайына саяхат жасап қайтты . Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық мұражайы 2014 жылдың 16 мамырында Алматы қаласының әкімінің жарлығы бойынша ашылған.
Мұражай-пәтер Алматы қаласының тарихи орталығында, тұрғын үй ғимаратында орналасқан, композитор өмірінің соңғы жылдарында осы үйде отбасымен бірге тұрғандығы туралы мұражай бағыттаушылар мен айтылды.
Мұражай экспозициясы 4 бөлмеден тұрады: дәліз, қонақ бөлме, жұмыс залы, асхана мен демалыс бөлмесі. Мұражайда өте құнды экспонаттар сақталған: оның бала кезіндегі киімдері, шығармаларының жиынтығы, ноталық қолжазбалары, марапаттау белгілері құжаттары, музыка өнерін дамытып үлес қосқаны үшін берілген марапттарын растайтын құжаттары, оның шығармашылығын бағалай білген жандардан алған сыйлықтары, композитордың жеке және оның отбасының заттары таныстырылып, оқушылар рухани азық алып қайтқан әсерлерін айта келді.


Нұрғиса Тілендиевтің мұражайына саяхат
Нұрғиса Тілендиевтің мұражайына саяхат
Нұрғиса Тілендиевтің мұражайына саяхат
Нұрғиса Тілендиевтің мұражайына саяхат
Нұрғиса Тілендиевтің мұражайына саяхат
Нұрғиса Тілендиевтің мұражайына саяхат