16
август
2019
"Ата мекенім" қоғамдық қоры
Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы ағымдағы шілде айынан басталғаны бәрімізге мәлім. "Ата мекенім" қоғамдық қорының қолдауымен www.atanekenim.kz порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын "Мектепке жол" платформасы құрылды. Ата-аналардан түскен өтініштер Ұлттық білім беру дерекқорының мәліметтерімен салыстырылатын болады, одан кейін көмек бөлінетін көрсетіледі. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн аудара отырып, осы портал арқылы көмек көрсетуге деген өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа жыл сайын жұмыс істейді. Сонымен қатар, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасатын болады.
Балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жылдам әрекет ету және шаралар қабылдау үшін "Телеграмм" мессенджерінде "BALA QORGAY" чаты құрылды.
Балалардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жылдам әрекет ету және шаралар қабылдау үшін "Телеграмм" мессенджерінде "BALA QORGAY" чаты құрылды.