09
март
2019
"Spelling bee"(Спелинг би) байқауы
Ағылшын орфографиясын бес саусағындай білетін оқушылар арасында үздіктер анықталды. Мектепте тұңғыш рет "Spelling bee"(Спелинг би) байқауы ұйымдастырылды. Ереже мынадай: сахнада ағылшын тілінде сөз айтылады. Қатысушы 2 минут ішінде сол сөздің әрбір әрпін еш қатесіз қайталауы тиіс. Қобалжып, бар болғаны бір қателікке бой алдырған үміткерде сайысты жалғастыру мүмкіндігі жоқ. Сондықтан 9-10 сынып оқушылар барынша өз қабілеттерін көрсете білді. Айту керек, бұл байқау АҚШ-та 1 ғасырға жуық уақыт бойы ұйымдастырылуда. Әлемнің өзге елдерінде де өткізіледі.