"Қазақтың текті қыраны" атты әдеби музыкалық іс-шара » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақтың текті қыраны" атты әдеби музыкалық іс-шара
19
февраль
2018

"Қазақтың текті қыраны" атты әдеби музыкалық іс-шара

19 ақпан 2018 жылы №76 жалпы білім беретін мектепте Елбасының «Рухани жаңғыру», « 100 нақты есім » бағдарламасының аясында өткізілген «Қазақтың текті қыраны » атты Талғат Бегельдиновтың әдеби музыкалық еске алу кеші өтті. Бұл кешке Алматы қаласы, Түрксіб ауданы ардагерлер кеңесінен, сонымен қатар аудандық әкімдіктің ішкі-саясат бөлімінің мамандары келіп шараға қатысты. Шара барысында келген қонақтар мектеп мұражайына болып, оқушылардың патриоттық бағыттағы өлең –тақпақтарын тыңдап, мұражай журналына өз қолтаңбаларын қалдырды. Бұдан кейін қонақтар мектеп мәжіліс залына оқушылардың әдеби музыкалық кешін тамашалады. Кеш барысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Оқушылардың дайындаған әдеби музыкалық бағдарламасы қонақтардың көңілінен шығып, ризашылықтарын білдірді. Кеш соңында қалалық, аудандық ардагерлер ұйымдарының атынан В.Л Айғараева, Г. Байгудиновалар шығып сөз сөйлеп іс- шараның өте жоғары деңгейде өткендігін атап өтті. Шараның ұйымдастырылуына ерекше мән беріп оқушыларды патриотты тәрбие беру бағытында жоғары деңгейде жұмыс жасап жатқан, мектеп диреторы Мусагулова Салтанат Болғанқызына алғыс хат табыстады.
"Қазақтың текті қыраны" атты әдеби музыкалық іс-шара
"Қазақтың текті қыраны" атты әдеби музыкалық іс-шара
"Қазақтың текті қыраны" атты әдеби музыкалық іс-шара