Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2016

Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі

№ 76 ЖББ мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» аясында іс-шаралар өткізілді


« Ұлт денсаулығы - жастар болашағы »
2016 жылдың 3 желтоқсан күні № 76 ЖББ мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары аясында «Ұлт денсаулығы» атты оқушылар арасын ұлттық спорт сайыстары өткізілді. «Тәні саудың жаны сау» демекші, дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызы ерекше. Бүгінде елімізде халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойындағы отансүйгіштік, төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру басты назарда. Жарыстың ашылу салтанатында мектеп директоры сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс асық ату, буқа тартыс, тұмақ ұру, қол күрес, арқан тартыс түрінде жүргізілді. Жарысқа 6-сынып оқушылар арасынан 5 команда қатысты. Жарысқа қатысушылар мақтау қағаздарымен алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Өтелбаева жеңіске жеткен командаларды құттықтай отырып, аталған шаралардың маңыздылығын, оқушылар арасында достықты, өзара қарым-қатынасты, бірлікті нығайтатынын атап өтті.
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі
Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі