Алматыда су жаңа 4 мың компьютер мектептерге үлестірілді » КГУ «Общеобразовательная школа №76» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№76 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (727) 223-15-83
Есепші бөлімі:
+7 (727) 223-15-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматыда су жаңа 4 мың компьютер мектептерге үлестірілді
05
сентябрь
2020

Алматыда су жаңа 4 мың компьютер мектептерге үлестірілді

Алматыға мемлекет резервінің есебінен 28 мың компьютер бөлінген. Бүгін соның 4 мың данасы қоймаға жетті. Келген техникаларды білім басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері, қоғамдық бақылау мамандары қабылдап алды. Ноутбуктар қаладағы барлық мектепке үлестіріледі. Жалпы бұған дейін компьютерге мұқтаж 75 мың отбасы болған.
«Бізде тамыз айынан бастап компьютермен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды басталған болатын Алматы қаласында. Шамамен бүгінгі таңда 40 мыңға жуық компьютер таратылып берілді. Ол ноутбук, компьютер, планшеттер. Жергілікті бюджеттен 11 мың техникаға қаржы бөлінген болатын. Сонымен қатар, мектептер өз қаржысына 10 мыңға жуық ноутбук сатып алды», – деді қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Оқу құралдарының бір бөлігі №76 жалпы білім беретін мектепке де келді. Бұл білім ордасына ноутбуктың 125 данасы тиді.
https://almaty.tv/kz/news/dgizn-megapolisa/1736-almatyda-su-dgana-4-myn-kompyuter-mektepterge-ulestirildi​​​