Қашықтықтан оқытудың қызықты сәттері!
Мектепте педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін әр түрлі тәсілдер жүзеге асырылуда. Қашықтан оқыту – бұл білім алушының қызметін жылдам және икемді үйлестіруге мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өз бетінше оқыту принципіне негізделген оқу-тәрбие үдерісі. Сабақ мұғалім мен оқушы арасында синхронды форматта, яғни интернет платформада жүзеге асырылуда. Мектептегі оқу сабақ өте қызықты ұйымдастырылуда.