Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 11
  • Автор: admin
  • Дата: 14-02-2018, 03:42
14-02-2018, 03:42

Құдайбергенова Айнұр Наурызбекқызы

Категория: Преподователи

Құдайбергенова Айнұр Наурызбекқызы Құдайбергенова Айнұр Наурызбекқызы
1983 жылы 16 маусымда Алматы облысы, Сарқант ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түсіп, 2004 жылы Филология факультетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" бөлімін бітірген. 2007 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне түсіп, 2009 жылы Филология факультетінің аударма ісі мамандығы бойынша, аударма ісі магистрі академиялық дәрежесі берілді. Педагогикалық еңбек жолын 2004 жылы №156 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастаған. Қазіргі таңда № 76 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі 12 жыл, жоғары деңгейлі бірінші біліктілікті мұғалім.
Жетістіктер:
1. Медаль "За вклад в развитие образования". Диплом Награждается участник международной энциклопедии "Лучшие в образовании" 2017 год
2. Халықаралық "Түркі әлемі" ғылыми - практикалық конференциясы. Нурелова Мерейлімге сертификат берілді. Халықаралық түркітану орталығы. Алматы - 2009 жыл. Ғылыми жетекшісі: Құдайбергенова А.Н.
3. "Үздік аудармашы" қалалық байқауына қатысқаны үшін алғыс хат берілді. Тілдерді дамыту басқармасының бастығы К. Матыжанов. Алматы - 2009 жыл
4. Жеткіншек ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие берудегі нәтижелі шығармашылық еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Алатау аудандық Білім бөлімінің бастығы Досматова С. Ж. Алматы - 2009 жыл.
5. Сертификат "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтады. Алматы - 2012 жыл.
6. Түркі әлемі газеті №2 (130) 2013 жыл. "Іс - тәжірибені дамыту жолдары" атты мақалам жарияланды.
7. Қазақтың белгілі тілші ғалымы, академик - профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевтың құрметіне ұйымдастырылған дәстүрлі "Исаев оқулары" атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми конференциясында баяндама жасағаны үшін Абдыкалыкова Асельге сертификат берілді. Алматы - 2016 жыл. Ғылыми жетекшісі: Құдайбергенова А.Н:
8. Қазақтың белгілі тілші ғалымы, академик - профессор Сейілбек Мұхамеджарұлы Исаевтың құрметіне ұйымдастырылған дәстүрлі "Исаев оқулары" атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми конференциясында ІІ орын алғаны үшін Абдыкалыкова Асельге диплом берілді. Алматы - 2016 жыл. Ғылыми жетекшісі: Құдайбергенова А.Н.
9. Аударматану мен әдеби компративистиканың өзекті мәселелері. Алматы - 2009 жыл. М. Әуезовтің " Абай жолы" эпопеясындағы реалий сөздерді аудару тәсілдері.
10. Қалалық "Тәуелсіздік-ел бақыты,Тәуелсіз елдің ұланымын" атты шығармалар байқауында жүлделі II орын. 2017 жыл.