» Материалы за 14.05.2017

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Автор: admin от 14-05-2017, 22:18, посмотрело: 28

0 Алматы қаласы №76 жалпы білім беретін мектепте білім жүйесінде енгізілген көптеген өзгерістерге байланысты 12 мамыр күні сағат 18.30-да ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы болып өтті. Жиналыста мектеп директоры Мусагулова Салтанат Болгановна сөз алып, ата-аналарға Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды. Биылғы жылға дейін ҰБТ қоры¬тындысымен аттестат алып, ЖОО-на оқуға тапсыратын болса, енді аттестат алу үшін бір емтихан, ЖОО-на түсу үшін екінші емтихан тасыратындығын ата-аналарға түсіндірді. Өткен жылдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізілген болатын. Алдағы жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарламаға 1,2,5,7-сынып шәкірттері де ауыстырылатындығы жайлы сөз қозғады. Сондай-ақ, ата-аналарды «Мектепке кітап сыйла» акциясына атсалысуға шақырды. Мектеп директоры жиналысқа келген ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға дәлелді түрде жауап берді.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Категория: Традиция школы